«Барыс» жаңа шабуылшыны қатарына қосты

«Барыс» Батырлан Мұратовпен екіжақты келісімшарт жасасты, келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық шабуылшы клуб жүйесіндегі командаларда 2016 жылдан бері аз ғана үзіліспен өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда Мұратов ҚХЛ-де 41 матч өткізіп, 3 шайба мен 6 нәтижелі пас берді.
Бұдан дейін қазақстандық клуб Кирилл Савицкиймен келісімшарттың ұзартылғаны және Тайс Томпсонмен келісім жасалғаны хабарлады.