«Барыс» Нью-Джерси клубының шабуылшысымен келісімшартқа отырды

«Барыс» Тайс Томпсонмен біржақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымға есептелген.
Томпсон 2019 жылы «Нью-Джерси» клубы тарапынан драфтқа таңдалған. Шабуылшы кәсіби мансабының басым бөлігін АХЛ-де өткізді. Өткен маусымда Тайс «Бриджпорт» командасында ойнап, 65 матчта 21 (8+13) ұпай жинады.