«Барыс» өз шабуылшысын Қазақстан чемпионатының клубына жіберді

Шабуылшы Иван Николишин «Номад» клубына жіберілді.
Иван Николишин ҚХЛ-дың бас тарту рәсімінен өтті.
48 сағат ішінде бірде-бір клуб хоккейшіні өз қатарына қоспағандықтан, ҚХЛ-дың Құқықтық регламентіне сәйкес ол Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін фарм-клуб – «Номад» командасына жіберілді.