logo

«Барыс» маусымды жеңіспен бастады

«Барыс» маусымды жеңіспен бастады

«Барыс» хоккей клубы жаңа маусымды өткен жылғы Гагарин кубогының финалисі — «Трактормен» өткен үйдегі матчтан бастады, деп хабарлайды Sport+.

Кездесудің есебі 4:3 — қазақстандық команданың пайдасына.

Негізгі уақытта «Барыс» сапынан Ансар Шайхмедденов, Кирилл Савицкий және Тайс Томпсон көзге түсті. Ал овертаймда жеңіс шайбасын Райли Уолш соқты.