logo

«Барыс» Александр Овечкин кубогында ойнайды

«Барыс» Александр Овечкин кубогында ойнайды

«Барыс-2013» Александр Овечкин кубогына қатысады. Турнир 2-9 тамыз аралығында Мәскеу маңында өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Жарысқа Ресей, Беларусь және Қазақстаннан 24 команда қатысады.

Жеребе нәтижесі бойынша астаналық клуб «B» тобына түсті. Қарсыластары — Мытищидің «Атлант», Минскінің «Динамо», «Балашиха», Ярославльдің «Локомотив» және Череповецтің «Северсталь» командалары.

Финалдық ойындар мен Жұлдыздар матчы 9 тамызда Мытищиде өтеді.



Күн шежіресі