«Барыс» хоккей клубының басшылығында өзгерістер орын алды

«Барыс» хоккей клубы Талғат Китаровты клубтың балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Маман ұзақ жылдар бойы «Астана» хоккей клубын және елордалық № 10 СДЮСШ мекемесін басқарған, сондай-ақ Қазақстан хоккей федерациясында қызмет атқарған.