Азиялық клубтар Винисиус үшін қомақты қаржы ұсынды

Defensa Central басылымының мәліметінше, Сауд Арабиясының клубтары бразилиялық шабуылшы Винисиусты өз қатарына қосу үшін бар күшін салуда, деп хабарлайды Sport+.
Саудиялық билік футболға инвестицияны ұлғайту үшін оны негізгі тұлға ретінде қарастырып, тарихтағы ең қымбат трансферді жүзеге асыруға дайын.
Ойыншыға 5 жылдық келісімшарт және €1 млрд жалақы ұсынылған, бұл сома бонуссыз есептелген.
Қазіргі таңда 24 жастағы Винисиус «Реал» сапында 32 матч өткізіп, 16 гол мен 12 ассист жасаған.
Оның клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазы дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, шабуылшының нарықтық құны – €200 млн.