Азат Мақсұм UFC‑де жаңа жекпе-жегін өткізеді

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм жаңа жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+ «ММА Вестнигіне» сілтеме жасап.
Азаттың қарсыласы — лигадағы екі жекпе-жегінде де жеңіліп қалған Митч Рапозо болмақ.
Бұл кездесу 25 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC турнирінде жоспарланған.