logo

Ауыр атлетикадан екі дүркін Еуропа чемпионы соғыста қаза тапты

Ауыр атлетикадан екі дүркін Еуропа чемпионы соғыста қаза тапты

Ауыр атлетикадан екі дүркін Еуропа чемпионы атанған, 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысқан украиналық Александр Пелешенко соғыста қаза тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қайғылы оқиғаны ауыр атлетикадан Украина құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Виктор Слободянюк хабарлады.

«Соғыс адамдардың ең жақсысын алады… Украинаны басқыншылардан қорғау жолында ауыр атлетикадан Украинаның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы (2016, 2017), Олимпиада ойындарының қатысушысы Александр Пелешенко ерлікпен қаза тапты», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Спортшы 2018 жылы допингпен екінші рет ұсталып, 8 жылға спорттан шететтілген. Ал соғыс басталғанда алғашқы күннен қатарға қосылған. Биыл ол 30 жасқа толған еді.