«Атлетико» Испания кубогының алғашқы жартылай финалында «Барселонаны» ойсырата жеңді (видео)
Мадридте Испания кубогының алғашқы жартылай финалдық кездесуі өтті.
Онда «Атлетико» өз алаңында «Барселонаны» қабылдап, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 4:0. Ойын «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өтті.
Алаң иелері матч тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастады. 6-минутта Хоан Гарсия автогол авторы атанды. 14-минутта Антуан Гризманн есепті еселей түсті. 33-минутта Адемола Лукман мергендігімен көзге түссе, бірінші таймға қосылған уақытта Хулиан Альварес төртінші голды соқты.
Осылайша, «Атлетико» финалға шығу жолында жауапты матч қарсаңында айтарлықтай басымдыққа ие болды.