«Аталанта» «Дженоаны» тас-талқан етіп, Италия кубогының ширек финалына жолдама алды (видео)
«Аталанта» Италия кубогының 1/8 финалындағы өз алаңындағы матчта «Дженоаны» жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Бергамо қаласындағы кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Гол авторлары Берат Джимсити, Мартен де Рон, Марио Пашалич және Хонест Аханор.
Кубоктың ширек финалында «Аталанта» туриндік «Ювентусқа» қарсы ойнайды.