Асылжан Арыстанбекова Астанадағы турнирдің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті (видео)

Астанада ITF W15 және M15 турнирі басталып, аталған жарыс аясында іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Асылжан Арыстанбекова іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды. Іріктеу барысында Асылжан алдымен ресейлік Анастасия Плющевадан 6:1, 6:1 есебімен басым түссе, кейін украиналық Адриана Ткаченконы 6:3, 6:0 есебімен жеңді.