Заңғар Нұрланұлы алғаш рет челленджер турнирінің ширек финалына шықты

Елордада Президент кубогы үшін теннистен өтіп жатқан челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы сенсациялық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Заңғар жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски — үндістандық Сингх Каранды қапы қалдырды — 6:4, 6:1. Бұл Заңғар Нұрланұлының спорттық жолындағы челленджер додасындағы алғашқы жеңісі еді. Отандасымыз ең шешуші тұстарда шеберлігін көрсетіп, сәтті ойнай білді.
Қазақстандық-словакиялық дуэт жартылай финалға шығу үшін жарыстың 3-ракеткалары, жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исомурамен таласады.
Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин аустралиялық Эдвард Уинтермен бірге ширек финалға өтті. Олар таилық Максимус Джонс — грузиялық Саба Пурцеладзені жолдан тайдырды — 6:3, 7:6 (7:1). Ломакин — Уинтер ширек финалда турнирдің 2-ракеткалары, жапониялықтар Кусухара — Накагавамен кездеседі.
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы