Астанадағы Grand Slam турнирі: Камила Берліқаш күміс жүлдегер атанды

Астанадағы Grand Slam турнирі: Камила Берліқаш күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан дзюдо Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін ресейлік Элис Старцевамен белдесті.

Шешуші белдесуде ресейлік балуан мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Камила Берліқаш жарысты күміс жүлдемен түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Grand Slam турнирін сегіз медальмен аяқтады. Жарыс жеңімпаздарының қатарында Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) мен Марат Байқамуров (100 келіге дейін) бар. Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Камила Берліқаш күміс жүлдеге ие болды. Ал Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) қола медаль жеңіп алды.



Күн шежіресі