Астанада үш халықаралық титул сарапқа салынды (видео)
Low Kick Qazaqstan 11 турнирінде үш халықаралық чемпиондық титул сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport+.
Бастапқыда төрт титулдық жекпе-жек өткізу жоспарланған еді, алайда Тынышбек Сағынышбектің қарсыласы Астанаға ұшып келе алмады.
Нәтижесінде әлемдік титулдар үш салмақ дәрежесінде ойнатылды.
Алғашқы чемпион Өзбекстан өкілі Умид Нормуродов атанды, ол испаниялық Чуиді жеңді.
Қыздар арасында Кристина Лопес Мадина Торбаеваны жеңіп, топ жарды.
Ал басты жекпе-жекте Николай Рогатин чилиялық Уильямсты жеңді.