logo

Astana Open турнирінің жеңімпаздары анықталды

Astana Open турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қазақстан астанасында AMMA (ММА) ұйымы аясында республикалық Astana Open турнирі басталды, деп хабарлайды Sport+.

Бірінші күні алтын медаль мен чемпиондық белбеуді жеңіп алған спортшылар:

Әйелдер:

44 кг — Жумагазиева Айнур (Абай облысы)
53 кг — Уалиева Аружан (Абай облысы)
60 кг — Акимбек Аделя (Алматы облысы)
67 кг — Жуматаева Алшын (Абай облысы)

Ерлер:

56 кг — Айтжан Мейржан (Алматы)
60 кг — Сражатов Марат (Қарағанды облысы)
65 кг — Жусупов Чингиз (Қостанай облысы)
71 кг — Николай Самусев (Астана)
77 кг — Еркенгали Буркуталин (Ақтөбе облысы)
85 кг — Олжас Ескараев (Алматы)
96 кг — Шакырбеков Абылай (Қызылорда облысы)
120 кг — Нургаипулы Нургали (Астана)

Айта кету керек, бұл турнирге әуесқойлармен қатар кәсіби мансабы бар спортшылар да қатысты.

Атап айтқанда, 120 кг салмақ дәрежесінде:

NAIZA белбеуіне бұрынғы үміткер — Нургали Нургаипулы,

Alash Pride чемпионы — Расул Хатаев,

UFC жауынгері — Дияр Нургожай өнер көрсетті.

Сонымен қатар:

Brave жауынгері Олжас Ескараев,

Alash Pride өкілі Еркенгали Буркуталин,

NAIZA титулына үміткер Самандар Рузматов және басқа да танымал спортшылар қатысып, өз күштерін сынады.

17–18 қыркүйек күндері осы Beeline Аренада UWW (Бүкіләлемдік күрес ұйымы) аясындағы турнирде ММА-ның үздік спортшылары арасындағы тартысты жекпе-жектер жалғасады.



Күн шежіресі