Әсет Амангельдинов: Атыраулық командамен қызықты матч болды, енді «Каспийге» дайындалып жатырмыз
«Атырау-2» командасына қарсы матчта «Астана» құрамындағы ең нәтижелі ойыншы Әсет Амангельдинов Sport+ сайты берген сұхбатында ойынға қорытынды жасап, плей-оффқа деген жоспарларымен бөлісті.
«Бүгінгі матч қызықты өтті. Қарсылас жас әрі агрессивті ойнауға тырысты, бірақ біз өз ойынымызды қабылдатып, ойын барысын бақылауда ұстадық. Бапкер барлық ойыншыға өзін көрсетуге мүмкіндік берді, және әрқайсысы жеңіске өз үлесін қосты. Енді келесі қарсыласымыз — Ақтаудың „Каспий“ командасына дайындалып жатырмыз. „Каспий“ — тәжірибелі, құрамында мықты ойыншылары бар ұжым. Ойын оңай болмайтынын түсінеміз, бірақ өз мүмкіндігімізді толық пайдалануға тырысамыз, жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді», — деді Әсет Амангельдинов.