Артем Антропов жаңа рекордпен Қазақстан чемпионатын жеңіп алды

Артем Антропов жаңа рекордпен Қазақстан чемпионатын жеңіп алды

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының алтыншы жарыс күнінде 110 келіге дейінгі салмақтағы медальдар үшін тартыс соңына дейін жалғасты, деп хабарлайды Sport+.

Артем Антропов серпе көтеру мен қос сайыс қорытындысы бойынша жаңа рекордтар орнатып, сенімді түрде бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, қола жүлдегер мен төртінші орын алған спортшының арасындағы айырмашылық небәрі 1 келіні құрады.

Артем Антропов (Қарағанды облысы) — 405 кг (175+230)
Матвей Макрушин (Жетісу облысы) — 350 кг (155+195)
Темірлан Оқашев (ШҚО) — 347 кг (150+197)
4-орын. Данил Бетехтин (Жетісу облысы) — 346 кг (151+195)

«Бүгінгі нәтижеме „4-“ деген баға берер едім. Себебі одан да жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігім бар. Бүгін соны дәлелдедім. 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне біртіндеп бейімделіп келемін. Ислам ойындарымен салыстырғанда ілгерілеу бар. Азия ойындарына дайындықты күшейтеміз», — деді Артем Антропов.

2025 жылғы Қазақстан чемпионатының нәтижелері:

Артем Антропов (Қарағанды облысы) — 380 кг (160+220)
Матвей Макрушин (Жетісу облысы) — 336 кг (150+186)
Темірлан Оқашев (ШҚО) — 327 кг (140+187)



Күн шежіресі