«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының қорғаушысын қатарына қосу мүмкін

Қазақстан құрамасының және «Жетісу» командасының қорғаушысы Асхат Балтабеков «Ақтөбе» клубының назарына ілікті, деп хабарлайды Sport+.
31-жасар сол қапталда ойнайтын қорғаушы өткен маусымда Қазақстан чемпионатында 24 матч өткізіп, 2 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол ұлттық құрама сапында Словения командасына қарсы ойында дебют жасады.
«Ақтөбе» командасында сол қаптал қорғаушысы позициясында өткен маусымда Богдан Вэтэжелу өнер көрсетті. Румын футболшысы «ақ-қызылдар» сапында тағы бір маусымға қалады.