logo

Аңсар Қасымжанов NAIZA лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Аңсар Қасымжанов NAIZA лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізеді

«Alash Pride» лигасының орта салмақтағы бұрынғы чемпионы болған Аңсар Қасымжанов NAIZA лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Алматыдағы турнирде оның қарсыласы Муслим Абдулхалимов болады. Бастапқыда алматылық ивентте Ансардың жеңіл салмақ дәрежесінде белдікке үміткер болған Тамерлан Саралаповпен жекпе-жегі жоспарланған еді, алайда Тамерлан тізе жарақатын алып, бұл жоспардан бас тартуға тура келді.

Ансар NAIZA лигасындағы дебютін өз туған қаласы Қарағандыда өткізген турнирде жасап, қытайлық Яху Жуды нокаутқа жіберген болатын. Оның алдағы қарсыласы Муслим Абдулхакимов NAIZA гран-приіндегі және лига ұйымдастырған реалити-шоудағы қатысуынан кейін кеңінен таныла бастады.

Қасымжанов — Абдулхалимов арасындағы жекпе-жек 29 қарашада өтетін турнир аясында ұйымдастырылады. Ивенттің толық тікелей эфирін Sport+Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.