Шавкат Рахмонов Қатардағы UFC-дің турниріне қатысады
Алдағы демалыс күндері Қатарда UFC кезекті турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде Арман Царукян мен Дэн Хукер шайқасады, деп хабарлайды Sport+.
Сондай-ақ, кардта қазақстандық файтерлердің екі жекпе-жегі бар. Асу Алмабаев Алекс Переспен, ал Бекзат Алмахан Александр Топуриямен күреседі.
Асудың бұрышында DAR Team бойынша оның командаласы, сондай-ақ UFC белбеуіне үміткер Шавкат Рахмонов болмақ.