logo

Қабдрахманов пен Жеңісұлы арасындағы реванш: Махметов өз пікірін айтты

Қабдрахманов пен Жеңісұлы арасындағы реванш: Махметов өз пікірін айтты

ММА және грэпплингтен әлем чемпионы Айдар Махметов Sport+ сайтына берген сұхбатында Нұрбек Қабдрахманов пен Балғын Жеңісұлы арасындағы реванш жөнінде пікір білдірді.

Бұл жекпе-жек Алматыда өтетін NAIZA турнирінің басты шайқасы болмақ:

«Екі спортшы үшін де өте қиын, тартысты кездесу болады. Алғашқы жекпе-жек ешкімнің де жеңісті оңайлықпен бермейтінін көрсетті. Балғын өз деңгейі жоғары, соңына дейін күресе алатын мықты спортшы ретінде жақсы әсер қалдырды. Нұрбек те өз мықты қасиеттерін көрсетті. Әрине, Қабдрахмановтың жеңісін қайта көргім келеді, ол алғашқы кездесуде жіберілген кейбір қателіктерді түзетті деп үміттенемін. Оның қашықтықта көбірек жұмыс істегенін, бойы мен қолының ұзындығындағы артықшылығын дұрыс пайдаланғанын, қарсыласын күрестік айқасқа жолатпағанын көргім келеді. Соған қарамастан, өте тартысты жекпе-жек болатынын күтемін.

Нұрбекке лайықты бағасын беру керек, өйткені ол бірден осындай қиын қарсыласқа реванш берді. Әдетте спортшылар алдымен жеңілдеу қарсыластармен бірнеше жекпе-жек өткізіп алып, содан кейін реваншқа келіседі. Ал Қабдрахманов бірінші жекпе-жекте өте қатал қарсылас болған Жеңісұлына бірден қайта шығуға келісті», — деді Махметов. 

Турнир 29 қараша күні өтеді. Барлық жарысты Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.