logo

Алматыдағы ат жарыстарының нәтижелері

Алматыдағы ат жарыстарының нәтижелері

31 мамыр күні Алматыдағы ипподромда бәйге мерекесі өтті, деп хабарлайды Sport+.

«Стартер» ат жарысында екі жасар тайлар арасында Жүчихан (жокей Жүсіпов Д.) жеңіске жетті.

Қазақстанда туған екі жасар тайларға арналған «Сынақ» жүлдесі Абаданға (жокей Жүсіпов Д.) бұйырды.

Үш жасар жылқылар арасында өткен «Алматы спринтінде» Орхидея (жокей Күрішбек Д.) жеңімпаз атанды.

Үш жасар байталдар «Қазақстандық 1000 гинея» жүлдесі үшін бақ сынады. Бір жарым миллион теңге мен жүлде Фирдаусқа (жокей Жеңіс Д.) табысталды.

Үш жасар жылқылар арасындағы «Ұлытау» жүлдесінде Хаканға (жокей Күрішбек Р.) тең келер ешкім болмады.

«Fasig-Tipton Kazakhstan 2000 Guineas» жүлдесін Серкетас (жокей Жеңіс Д.) жеңіп алды, ал төрт жас және одан үлкен жылқыларға арналған «Жокей Клубы жүлдесі» Сала да Баллоға (жокей Күрішбек Д.) бұйырды.



Күн шежіресі