logo

Jockey Club төреші-гандикапері Қазақстандағы ат жарысына арналған инфрақұрылым туралы айтты

Jockey Club төреші-гандикапері Қазақстандағы ат жарысына арналған инфрақұрылым туралы айтты

Ат спорты бойынша сарапшы, Jockey Club төреші-гандикапері Владислав Цой Sport+ телеарнасына көлемді сұхбат беріп, Қазақстандағы ат жарысына арналған инфрақұрылым туралы айтты.

«Қазіргі уақытта Алматы облысы, Панфилов ауылындағы ипподромды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Біз жоғары деңгейдегі ипподром салуды жоспарлап отырмыз, барлық қауіпсіздік шаралары мен талаптар ескеріледі. Әрине, мұндай даму бүкіл Қазақстан бойынша жүруі керек. Қазіргі таңда мамандардың басым бөлігі Алматыда шоғырланғанымен, спортты тек бір өңірде дамыту мүмкін емес.

Астанада «Көшпенділер ойындары» өткен ипподром бар, онда төрт жарыс күнін өткізу жоспарда бар, қазір келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, Шымкентте ипподром бар, бірақ өкінішке қарай, ондағы жүгіру жолы дұрыс салынбағандықтан, әзірге ол жерде жарыстар өткізілмейді», — деді сарапшы. 

Владислав Цоймен толық сұқбатты төмендегі плеерде көре аласыз. 



Күн шежіресі