Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир — Денис Тен Мемориалы өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді.

Айта кетейік, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған 2014-Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.



Күн шежіресі