Александр Шевченко Опелкадан қарымта қайтара ала ма? Шевченко – Опелка матчының тікелей эфирі

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Уимблдон турниріндегі алғашқы кездесуін америкалық Райлли Опелкаға қарсы өткізеді.
Олар ақпанда Даллас Опен турнирінде кездескен болатын. Ол матч 7:6, 6:4 есебімен америкалықтың пайдасына аяқталған.
Енді 24 жастағы қазақстандық спортшының Уимблдонның табиғи төсенішінде қарымта қайтаратын мүмкіндігі бар.
Шевченко — Опелка кездесуі сағат 21:00–де басталады. Тікелей эфир sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.