logo

Александр Бублик — Галледе өткен ATP 500 турнирінің екі дүркін чемпионы

Александр Бублик — Галледе өткен ATP 500 турнирінің екі дүркін чемпионы

Германияның Галле қаласы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик үшін тағы да сәтті орынға айналды — ол беделді ATP 500 санатындағы Terra Wortmann Open турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрерменге тартымды өткен финалда Бублик ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6(7:4) есебімен жеңді. Бұл матч турнирдің нағыз көркіне айналды, ал қазақстандық теннисшінің жеңісі оның шеберлігі мен тұрақтылығын айқын дәлелдеді. Айта кетерлігі, Бублик Галледе тағы да жеңіске жетті — ол 2023 жылы финалда ресейлік Андрей Рублёвтен басым түскен болатын.

Бұл Бубликтің 2025 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісі және мансабындағы бесінші ATP титулы. Бұған дейін ол келесі турнирлерде чемпион атанған:

ATP 250 Монпелье (2022),
ATP 500 Галле (2023),
ATP 250 Антверпен (2023),
ATP 250 Монпелье (2024).



Күн шежіресі