«Alash Pride» 102. Чемпион атағы сарапқа салынады. Турнирдің тікелей эфирі

Жарақатқа байланысты «Alash Pride» 102 турнирінің кардында бірнеше рет жауынгерлер ауысқанына қарамастан, Түркістанда өтетін турнир әлі де көптеген қызықты жекпе-жектерге толы.
Бірінші кезекте турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы «Alash Pride» белбеуін қорғау өтеді. Лига чемпионы Саламат Исбулаев дебютант Нурди Гацаевты сынақтан өткізеді.
Сондай-ақ, негізгі кардта лиганың топ жеңіл салмақтағы жауынгері Кирилл Литвиненко, ММА бойынша әлем чемпионы Расул Хатаев, Түркістандағы жұртшылықтың сүйіктісі Бекзат Жасия және медиа жағынан лига жұлдыздарының бірі Әмір «Кипиш» Кахоров өнер көрсетеді.
Турнир 18:30–да басталады. Тікелей эфирді Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ телеарнаның YouTube-арнасында тамашалауға болады.