«Әл Райан» Чемпиондар лигасының плей-офф үшін күресті жалғастыруда (видео)

Катарлық «Әл Райан» Азия Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Әл Айнды» жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Матч есебі 2:1. «Әл Айн» сапында голды Каку соқса, қонақтар құрамында Трезеге және Рохер Гуедеш қанжығаларын майлады.
Осы жеңістің арқасында «Әл Райан» 7 турдан кейін 8 ұпай жинап, плей-офф үшін күресті жалғастыруда.