Айдар Махметов Қабдрахманов – Жеңісұлы жекпе-жегі туралы: Нұрбек белбеуін қорғай алады деп сенемін, бірақ бұл өте қиын болмақ

Грэпплинг бойынша әлем чемпионы, қазақстандық ММА ардагері Айдар Махметов Ақтауда өтетін NAIZA турниріндегі Нұрбек Қабдрахманов пен Балғын Жеңісұлы арасындағы чемпиондық жекпе-жек туралы Sport+ арнасына пікір білдірді.
«Нұрбек желтоқсан айында Николай Киосседен алған өкінішті жеңіліске дейін қатарынан жеті жеңіске жетіп, UFC-ге әлеуетті үміткер ретінде қарастырылып жүрген еді. Өкінішке қарай, бұл жеңіліс оны артқа шегіндіріп тастады, әсіресе жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, нокаут өте қауіпті болды. Соған қарамастан мен Нұрбекті бұрыннан бақылап келемін және оның өте қайсар жігіт екенін білемін — оған ештеңе оңайлықпен келмейді, бәріне еңбекпен, қиын жолмен жетеді. Ол бұған дейін де қиындықтарды еңсере алатынын дәлелдеген. Алда болатын жекпе-жек ол үшін өте маңызды болмақ. Дегенмен бұл өте ауыр кездесу болады, қарсыласында UFC-де өнер көрсеткен тәжірибе бар. Иә, ол тек бір жекпе-жек өткізді, ол да бұрынғы NAIZA жұлдызы Су Йонгқа қарсы, бірақ ол кездесу басқа — жеңіл салмақта болды. Менің ойымша, Бақғын Жеңісұлы — өте теңгерімді файтер. Ол нокаутпен де, сабмишенмен де жеңіске жете алған, сонымен қатар үш және бес раунд бойы шыдай алатын төзімді. Нұрбекке өте мұқият жекпе-жек өткізу керек болады: қарсыласын жақын қашықтыққа жібермей, өзінің бойының ұзындығын пайдалануы керек, алыстан соққы жасап, оны күреске тартуға мүмкіндік бермей. Нұрбек осындай стильде жұдырықтасып, белбеуін қорғап, жеңісті жолға қайта орала алады деп сенемін, бірақ бұл оңай болмайды», — деді Махметов.
Турнирді тікелей эфирде Sport+ арнасынан көруге болады.