Агостиньо ресми түрде «Қайсардың» ойыншысы атанды
Қызылорданың «Қайсар» клубы 26 жастағы шабуылшы Агостиньомен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа ойыншы Португалияда дүниеге келген және футболдағы алғашқы қадамдарын «Каса Пиа» клубында бастаған. Кейін Португалияның жоғары дивизионында өнер көрсететін «Риу Аве» мен «Лейшойнш» клубтарының намысын қорғады.
Өткен маусымда Агостиньо Люксембургтің «Дюделанж» клубында ойнап, 28 матчта 11 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сондай-ақ шабуылшы Гвинея-Бисау ұлттық құрамасына үміткер футболшылардың қатарында.
Тараптар 1,5 жыл мерзімге келісімшартқа қол қойды.