«Қызылжар» клубында кадрлық өзгерістер орын алды
«Қызылжар» футбол клубы мен бас бапкер Милич Чурчич өзара келісім негізінде ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport+ петропавлдық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ клубтан бас бапкердің көмекшісі Иван Йевич пен дене даярлығы жөніндегі бапкер Евгений Сергеевич Кресик те кетеді.