Әбілқасым белбеуін қорғады, Жемуқаев – NAIZA ұйымының жаңа чемпионы (видео)

Әбілқасым белбеуін қорғады, Жемуқаев – NAIZA ұйымының жаңа чемпионы (видео)

Ақтауда өткен NAIZA 84 турнирі аясында екі чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылды.

Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі лига чемпионы Бекжан Әбілқасым қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Ал кештің қосалқы басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы жаңа лига чемпионы анықталды. Чемпиондық атақты Екібастұздың өкілі Жемуқаев жеңіп алды.