logo

«Жетісу» жаңа бапкер таңдады

«Жетісу» жаңа бапкер таңдады

Талдықорғандық «Жетісу» командасы 43 жастағы маман Қайрат Нұрдәулетовтің команданың бас бапкері болып тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Нұрдәулетов бапкерлік мансабын Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында бастаған. Әр жылдары ол Қазақстан футбол федерациясында құрамалар департаментінің директоры болып жұмыс істеді, Қазақстанның U-21 жастар құрамасын, сондай-ақ «Мақтаарал» және «Жетісу» клубтарын басқарды. Өткен маусымда маман «Ертіс» пен көкшетаулық «Оқжетпес» командаларына жетекшілік етті.



Күн шежіресі