«Қызылжар» «Жеңістің» футболшысын қатарына қосты
Петропавлдық «Қызылжар» клубы 27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан Әділмен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубытың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен маусымда Әділ елордалық «Жеңіс» командасының намысын қорғап, барлық турнирде 26 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін қазақстандық футболшы ҚПЛ клубтары — «Атырау», «Жетісу» және «Каспий» сапында да өнер көрсеткен.