logo

«Жетісу» екі жылдан бері «Оқжетпесті» жеңе алмай жүр. Смақов пен Нұрдәулетов командалары кездесуінің тікелей эфирі

«Жетісу» екі жылдан бері «Оқжетпесті» жеңе алмай жүр. Смақов пен Нұрдәулетов командалары кездесуінің тікелей эфирі

Қазақстан чемпионатының 20-туры аясында Самат Смақовтың «Жетісуі» Қайрат Нұрдәулетовтің «Оқжетпесіне» қонаққа Көкшетауға барады.

Қазақстандық екі бапкердің командаларымен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп жүргеніне қарамастан, Самат Қабірұлы мен Қайрат Жұмабекұлы қарсы командалардың бас бапкерлері ретінде алғаш рет кездескелі отыр.

Сонымен қатар, келесі маусымда Премьер-лигада қалу үшін күресіп жатқан «Жетісу» «Оқжетпесті» екі жылдан бері жеңе алмай келеді. Ал Көкшетауда соңғы рет 2020 жылы жеңіске жеткен.

Биылғы маусымда «Оқжетпес» Талдықорғанда «Жетісуды» 3:1 есебімен жеңген болатын.

Олардың жаңа кездесуі 9 тамыз күні сағат 17:00-де өтеді.

Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.



Күн шежіресі