Зәмзәгүл Файзолланова Сора Рахмонованың ММА-ға оралуы туралы айтты

Sport+ телеарнасының «Бірге-бір» бағдарламасының кезекті құрметті қонағы «Alash Pride» чемпионы Зәмзәгүл Файзолланова атанды. Студия төрінде жауынгер өзінің алдағы жоспарлары туралы айтып өтті.
— Сора екеуміз бөлек адамбыз. Сора бөлек адам, мен бөлек адаммын. Сора тұрмыс құрды, енді ол спортқа қайтып келмейді деп ойлаймын, себебі ол өзінің спорттық мансабын тоқтатумен келіскен адам. Бұрын өзіде айтатын: «егер мен тұрмысқа шықсам, онда спортты қоямын» деп. Сора өзінің өмірлік жолын тапты деген ойдамын, — деді Зәмзәгүл.
Зәмзәгүл Файзоллановамен толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.