Зайнутдиновтың командаласы «Фиорентинаға» ауысуы мүмкін

Зайнутдиновтың командаласы «Фиорентинаға» ауысуы мүмкін

«Фиорентина» «ПСЖ» клубының орталық жартылай қорғаушысы Шер Ндурге қызығушылық танытуда. Ол биылғы маусымды «Бешікташ» сапында жалға берілді, деп хабарлайды Sport+.

Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, италиялық клуб 20 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарттың шарттары бойынша келісімге келген.

Париждік клуб италиялық ойыншы үшін 8 миллион еуро және оның келесі сатылымынан 40% үлес талап етуде. Алайда клубтар әлі де келісімге келе алмай отыр.

Ағымдағы маусымда орталық жартылай қорғаушы Суперлигада 12 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Бешікташ» келесі матчын 26 қаңтарда «Антальяспорға» қарсы өткізеді. Бұл ойынды тікелей эфирде Sport+ арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі