logo

Ыстамбулдық дерби. «Башакшехир» — «Фенербахче» ойынын қайдан көреміз?

Ыстамбулдық дерби. «Башакшехир» — «Фенербахче» ойынын қайдан көреміз?

9 мамыр күні Ыстамбулда Суперлиганың 35-тур матчы «Истанбул Башакшехир» мен «Фенербахче» арасында өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Алаң иелері басқа ыстамбулдық клуб — «Бешикташпен» Концференция Лигасына жолдама үшін таласуда. Қазір олар басты бәсекелестен 4 ұпайға қалыс қалып, қателікке бой алдыруға еш мүмкіндігі жоқ.

Қонақтардың чемпиондықтан әлі де үміті бар, бірақ өте аз. «Галатасарай» «Фенерден» сегіз ұпай алда. Сондықтан, жеңістен басқа кез келген нәтиже қарсыластың мерзімінен бұрын титулды иеленуіне кепілдік береді.

Матчтың тікелей көрсетілімі Sport+ Qazaqstan телеарнасында және sportplustv.kz сайтында сағат 22:00ге жоспарланған.



Күн шежіресі