logo

Магомед Адиев Қазақстанға оралуы туралы: Барлығы мүмкін

Магомед Адиев Қазақстанға оралуы туралы: Барлығы мүмкін

Магомед Адиев «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Қазақстан құрамасындағы жұмысын бағалады. Адиевтің айтуынша, қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құраманың нәтижелері үшін оған алғыс білдірген, деп хабарлайды Sport+.

— Қазір Қазақстан құрамасын бақылайсыз ба?
— Қазіргі уақытта жоқ, себебі өз жұмысыммен толықтай айналысып жүрмін — тіпті Ресей чемпионатының көптеген ойындарын көрмеймін, еуропалық футболды да солай.

— Сіздің жұмысыңыз Қазақстан құрамасы үшін соңғы уақыттағы ең сәтті кезең болды деп айтуға бола ма?
— Иә, нәтижелер соны көрсетіп тұр.

— Жалпы алғанда, Қазақстандағы жұмысыңызға көңіліңіз тола ма?
— Менің ойымша, жақсы жұмыс атқарылды. Адамдар ризашылығын білдірді — демек, бәрі дұрыс жасалды. Өйткені жанкүйерлер — атқарылған жұмыстың сапасын бағалаудағы басты өлшем.

— Болашақта ұлттық құраманың бапкері ретінде қайта оралу мүмкіндігін қарастырасыз ба?
— Әрине, бұл мүмкін. Маған енді біраз жеңіл болады, себебі құрамамен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Бірақ қазір менің барлық ойым мен назарым РПЛ-дегі «Химкидің» алдағы ойындарында. Ал одан кейін көреміз, — деді Адиев.

Еске сала кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуірінен бастап басқарған. Еуро-2024 іріктеу кезеңінде команда өз тобында төртінші орынды иеленіп, плей-офф кезеңіне өтті. Алайда жартылай финалда Грекияға 0:5 есебімен жеңіліп, Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады. 2024 жылдың 31 мамырында Адиев отбасылық жағдайларға байланысты қызметінен кетті.

Қазіргі уақытта Магомед Адиев — Мәскеу маңындағы «Химки» командасының бас бапкерінің міндетін атқарушы.