Волейболдан Ұлттық лига жеңімпазы 10 миллион теңге алады
Қазақстанда Қазақстан волейбол федерациясының (ҚВФ) I есеп беру-сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Конференцияға өңірлік федерациялардың, спорт ұйымдарының, волейбол клубтарының өкілдері және конференция мүшелері қатысты.
Жиын барысында Қазақстандағы волейболды дамытуға, жарыстарды өткізу жүйесін жетілдіруге және ұлттық чемпионаттардың сапасын арттыруға қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионаттарды өткізудің ұйымдастырушылық және қаржылық тетіктері талқыланды. Ұлттық лига, Жоғары лига, U-21 лигасы және жастар лигаларындағы төрешілердің еңбекақысын төлеудің бірыңғай нормативтерін бекіту мәселесі қаралды.
Сондай-ақ Қазақстан аумағында өтетін чемпионаттарға қатысушылардың тәуліктік шығындарын өтеудің бірыңғай нормативтері талқыланды.
Конференция барысында Ұлттық лигада жүлде қорын енгізу туралы бастама ұсынылды:
1-орын — 10 000 000 теңге
2-орын — 5 000 000 теңге
3-орын — 3 000 000 теңге
4-орын — 1 000 000 теңге