Азиада-2026: Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есуден үшінші орын алды

Азиада-2026: Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есуден үшінші орын алды

Қазақстандықтар Сергей Емельянов пен Руфина Искакова байдарка мен каноэде есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыз аралас екілік-каноэде 500 метрге жарыстың А финалында сынға түсті. Қазақстандықтар қашықтықты 1 минут 51.124 секундта еңсерді.

Алтын медальді Қытай өкілдері У Шэнъюэ және Ма Янан жеңіп алды — 1:48.377. Күміс медаль өзбекстандықтар Владлен Денисов пен Нилуфар Зокироваға бұйырды 1:49.674.

Айта кетейік, бұған дейін Стелла Суханова мен Дмитрий Холмогоров жекелей сайыста қола алған еді.



Күн шежіресі