Үш команда Еуразиялық лиганың Суперлигасында әлі де жеңіліссіз келе жатыр: ойындардың тікелей эфирі
Үстел теннисінен еуразиялық лиганың Суперлигасы Павлодар қаласында өтіп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін жеңіліссіз келе жатқан командалар анықталды:
«Nomad Pro» (Астана), УГМК (Свердлов облысы), TTF «Shymkent» (Шымкент).
Айта кетейік, «Nomad Pro» (Астана) құрамында әйгілі қытайлық спортшы Фан Бо бар — ол командалық есепте әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, сондай-ақ жекелей сында әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында қолжетімді.
Таңғы сессия 10:00–де басталады. Кешкі сессия 16:30–да өтеді.