logo

Павлодарда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Павлодарда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионатына 260-тан астам ұлдар мен қыздар қатысты, деп хабарлайды Sport+. 

Бүгін Jenimpaz үстел теннисі орталығында жалауын түсірген жарыста соңғы ойын күні жекелей, жұптық және аралас разрядтарда жүлдегерлер анықталды.

Ұлдар:
1 орын — Қасым Нұрислам (Шымкент)
2 орын — Арнур Оралханов (Шығыс Қазақстан облысы)
3 орын — Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы)
3 орын — Әліби Шоманов (Шығыс Қазақстан облысы)

Қыздар:
1 орын — Альбина Жақсылықова (Қарағанды облысы)
2 орын — Дарья Фу (Қарағанды облысы)
3 орын — Мария Лукьянова (Қарағанды облысы)
3 орын — Жания Бекмұхамбетова (Қостанай облысы)

Ұлдар, жұптық разряд:
1 орын — Асылхан Мағзұмбеков / Санжар Ибахан (Қарағанды / Түркістан облыстары)
2 орын — Әліби Шоманов / Мұхаммадали Құрбантаев (Шығыс Қазақстан облысы / Шымкент)
3 орын — Арнур Оралханов / Қасым Нұрислам (Шығыс Қазақстан облысы / Шымкент)
3 орын — Қадырәлі Қабдылуахитов / Мансұр Сүйіндік (Павлодар облысы)

Қыздар, жұптық разряд:
1 орын — Алиса Цвигун / Елизавета Лаврова (Астана)
2 орын — Альбина Жақсылықова / Мария Лукьянова (Қарағанды облысы)
3 орын — Ноила Ханиязова / Ақниет Амангелді (Түркістан облысы / Шымкент)
3 орын — Дарья Фу / Назым Серікбай (Қарағанды / Түркістан облыстары)

Аралас разряд:
1 орын — Қадырәлі Қабдылуахитов / Мария Лукьянова (Павлодар / Қарағанды облыстары)
2 орын — Әліби Шоманов / Альбина Жақсылықова (Шығыс Қазақстан / Қарағанды облыстары)
3 орын — Арнур Оралханов / Дарья Гамова (Шығыс Қазақстан / Қарағанды облыстары)
3 орын — Қасым Нұрислам / Дарья Фу (Шымкент / Қарағанды облысы)

Турнир толықтай тікелей эфирде Sportplus_qaz YouTube арнасында көрсетілді.



Күн шежіресі