«Ұлытау» ресейлік қорғаушыны қатарына қосты

Жезқазғанның «Ұлытау» клубы 31 жастағы ресейлік қорғаушы Георгий Бугуловпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Георгий Бугулов өз мансабында Ресейдің «Спартак Владикавказ», КАМАЗ, «Дружба» клубтарында, Грузияның «Рустави» және Молдованың «Сперанца» клубтарында доп тепті.
2023 жылы қорғаушы ақтаулық «Каспий» клубында 19 матч өткізіп, 1 гол соқты. 31 жастағы ресейлік ойыншы өткен жылы Беларусьтің «Славия-Мозырь» клубында да өнер көрсетті.