Қазақстанда үш заманауи футбол академиясы салынады

Қазақстанда үш заманауи футбол академиясы салынады

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров баспасөз конференциясында елде жаңа футбол академияларының салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

Жоспар бойынша академиялар Жамбыл облысы мен Қарағандыда бой көтермек. Ал үшінші академияның орны әлі анықталған жоқ – оны Алматы, Астана немесе Алатау өңірлерінің бірі қабылдауы мүмкін.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында Талғарда ұлттық құрамалар базасы аумағында жаңа жатақхана мен оқу орталығының құрылысы басталатыны жарияланды.



Күн шежіресі