«Ұлытау» Беларусь құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа қол қойды
Жезқазғанның «Ұлытау» клубы 24 жастағы беларусьтік шабуылшы Илья Чернякпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Илья Черняк — Беларусь футболының түлегі. Кәсіби мансабында ол солигорскілік «Шахтер», загребтік «Динамо», грозныйлық «Ахмат», «Уфа» клубтарында, сондай-ақ бірқатар басқа командаларда өнер көрсетті.
Футболшы Қазақстан чемпионатымен де жақсы таныс. Бұған дейін ол Ақтаудың «Каспий» клубының намысын қорғаған. Черняктың соңғы клубы Босния және Герцеговинаның «Широки Бриег» командасы болды.
Халықаралық деңгейде жартылай қорғаушы Беларусь құрамасының барлық жас санатындағы командаларында ойнап, жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетті. Сондай-ақ елдің ұлттық құрамасы сапында дебют жасаған.