logo

«Твенте» «АЗ Алкмар» командасымен Еурокубок жолдамасы үшін ойнайды (видео)

«Твенте» «АЗ Алкмар» командасымен Еурокубок жолдамасы үшін ойнайды (видео)

УЕФА Конференциялар лигасына жолдама сарапқа салынған плей-офф кезеңі аясында екінші жартылай финал өтті, деп хабарлайды Sport+. 

«Твенте» қосымша уақытта «НЕК Неймегенді» 3:2 есебімен жеңді. Жеңімпаз команда сапынан голдарды Михал Садилек, Сем Стейн және Юнес Таха соқты. Ал «Неймеген» құрамында Кодаи Сано мен Вито ван Крой көзге түсті.

Осылайша, плей-офф финалында «АЗ Алкмар» және «Твенте» командалары кездеседі. Ойын 25 мамырға жоспарланған.



Күн шежіресі