Түркия Суперлигасында жанжал. Абат Аймбетовтың командасы тағайындалған пенальтиден кейін алаңнан кетті (видео)

Түркияда жанжал шықты: «Адана Демирспор» футболшылары матчтың басында алаңнан кетіп қалды, деп хабарлайды Sport+.
12-минутта төреші «Адана» қақпасына пенальти белгіледі, оны «Галатасарай» шабуылшысы Альваро Мората дәл орындап, Түркия Суперлигасындағы алғашқы голын соқты.
Алайда қонақтар бұл шешіммен келіспей, наразылық ретінде алаңнан кетті.