«Трабзонспор» – «Бешікташ»: 11 матчтық серия жалғаса ма? Тікелей эфир
«Трабзонспор» керемет бабына енді: бас бапкер Фатих Теккенің шәкірттері барлық турнирлерде қатарынан 11 матчта жеңіліс көрмей келеді, ал өз алаңында соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетті.
Ал «Бешікташта» өткен маусымда басталған тұрақсыздық биыл да жалғасуда. Тіпті Оле Гуннар Сульшердің кетуі де жағдайды түзей алмады, соның салдарынан «бүркіттер» әлі күнге дейін еурокубок аймағынан тыс қалып отыр.
«Трабзонспор» өз сериясын жалғастыра ала ма, әлде «Бешікташ» ақыры үздік төрттікке ене ме?
Мұны 14 желтоқсан күні сағат 22:00–де білеміз. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.